Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Шортанды ауданы, Дамса ауылы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ

Рус  Қаз

18 мамыр күнi аудан әкiмi Азамат Тайжанов аудандық мәслихат депутаттары Азамат Байғожин мен Ербол Қазбековпен бiрлесе отырып, Жiбек Жолы ауылының тұрғындарымен кездестi.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерiн толғандырған сұрақтарын қойды. Әсiресе, жаңа шағын аудандардағы инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру жұмыстары және автомобиль жолдарын жөндеу мәселелерi. Жаңа учаскелердегi инфрақұрылымға байланысты, аудан басшысы инженерлiк — коммуникациялық инфрақұрылымды салу үшiн ұзындығы 74 км — жолдар, 49 км — су желiлерi, 110 км — электр беру желiлерiне жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалғанын атап өттi. Осылайша, электр тарату желiсi құрылысының жобалық құны 1 млрд. 029,9 млн теңгенi құрап отыр. Конкурстық рәсiмдер жалғасуда. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 100,0 млн. теңге мөлшерiнде қаражат бөлiнген. Жол құрылысы мен су құбырлары желiлерiнiң жобалық құны анықталып, қажеттi қаражатты бөлу үшiн бюджеттiк өтiнiмдер тиiстi басқармаларға жiберiлдi. Аймақтағы әрбiр учаскi бойынша нақты түсiндiрулер мен тапсырмалар берiлдi.

Кездесу соңында, Азамат Тайжанов ауыл тұрғындарының белсендi азаматтық ұстанымдарын атап өттi. Сонымен қатар, мәселелердi шешуде және ауылды гүлдендiру мен абаттандыру жұмыстарына ат салысуға шақырды.

09.05.2018
Қараулар: 1263