Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Шортанды ауданы, Дамса ауылы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ

Рус  Қаз
«Ладушка» орыс ән ансамблі

Концерттік бағдарламамен біздің орталықта Астана қаласының «Русская община столицы» қоғамдық бірлестігінің «Ладушка» орыс ән ансамблі болды.Концертке қатысушылар іс-шара барысында қызмет алушыларға жылы сөздер мен күлкі сыйлап, өздерінің шығармашылықтарын көрсетіп, мерекенің жылы әрі достық атмосферасын қалыптастырды. Қонақтар қызмет алушыларға кітаптар мен тәтті сыйлықтар сыйлады. Іс-шара соңында естелік ретінде достық фотосуретке түсті.Концерт сәтті өтті, көрермендер ризашылық  білдіріп  жақсы көңіл күймен тарады!Ал біз, өз кезегінде, Ансамбль жетекшісі Абасова Алина Леонидовнаға, музыкалық жетекшілер Авдеев Андрей Леонидовичке, Михайлова Людмила Петровнаға, Ткач Еленаға, сондай-ақ бізге мереке сыйлаған барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.

20.12.2024
Қараулар: 44