Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Шортанды ауданы, Дамса ауылы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ

Рус  Қаз
2025 жылғы 17 мамырда Шортанды ауданының Дамса ауылындағы Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының базасында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Іс-шараға Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина, орталық директорлары, қызметкерлері мен қамқорлығындағы азаматтар қатысты. Акция аясында ағаш отырғызу және орталық аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай экологиялық іс-шаралар облыстағы барлық Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында ұйымдастырылуда. Бұл бастама табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.

20.05.2025
Қараулар: 19